Ауыл шаруашылығын механикаландыру
Мамандық: 07161600 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
Біліктілігі:
3W07161601 – «Слесарь -жөндеуші»;
3W07161603 – «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист -машинисі»;
4S07161604 – «Техник-механик».
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай.
Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік — педагогикалық колледжі ауыл шаруашылығы механизаторларын дайындайтын жетекші оқу орны болып табылады. Студенттер тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінде табысты жұмыс жасау үшін практика жүзінде тәжірибе алады.
Студенттердің кәсіби тәжірибе алуына кең мүмкіндіктер бар. Колледж ST ASSEMBLY, Eurasia Group Kazakhstan, «СП Петропавл трактор зауыты» ЖШС, «Петерфельд Агро» ЖШС және басқа да кәсіпорындар сияқты жетекші әлеуметтік серіктестермен ынтымақтасады, мұнда студенттер ауыл шаруашылығында заманауи технологиялар мен жұмыс әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, колледждің өзінде барлық қажетті ауылшаруашылық техникаларымен, оның ішінде астық жинайтын комбайндармен, тракторлармен, тұқым сепкіштермен және түрлі ауылшаруашылық құрал-саймандарымен жабдықталған қосалқы шаруашылық бар. Бұл студенттерге жабдықты пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Колледждің маңызды ерекшелігі – А, В, Г санатындағы тракторшы-машинист куәлігін алу мүмкіндігі, бұл түлектердің кәсіби болашағын айтарлықтай кеңейтеді. Колледж слесарь жұмысының барлық қырларын меңгеруге қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және құралдармен жабдықталған. Оқу зертханасында әртүрлі техникалық қызмет көрсету және жөндеу тапсырмаларын орындау үшін қолданылатын жұмыс істейтін трактор бар.
Колледж студенттері «АгроСкилс» сынды кәсіби жарыстарға белсене қатысып, саланың үздік жас мамандарымен жарысқа түсіп,өз шеберліктерін көрсетуде.
Колледжде оқу – ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологияларды меңгерудің және ауыл шаруашылығы механикасы саласында білікті маман болудың нақты мүмкіндігі және сұранысқа ие мамандық