Басты бет / Мамандықтар
Жатақхана
«Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі» КМҚМ
Мекен-жайы: СҚО, Петропавл қаласы, Борки кенті, Студент- 6
Құрылыс жылы: 1989 ж
Ғимараттың жалпы сипаттамасы: кірпішті, бес қабатты, секциялық, жалпы ауданы – 3070,6 ш.м, тұрғын ауданы – 1477,0 ш.м.
Жобалық қуаты: студенттерге арналған секциялар саны – 43, қала сыртындағы студенттерге арналған орын – 215.
Бөлмелерде тұру жағдайлары: студенттер бір бөлмеде 2-3 адамнан тұрады. Бір адамға 6 шаршы метрден келеді. Тұратын бөлмелерде кереуеттер, тумбочкалар, кітап сөрелері, ас және жазу үстелдері бар.Тіркелу кезінде әрбір студент төсек кілемдері, перделер және үй-жайға арналған тазалау құралдарын қосымша ала алады.Барлық тұратын тұрғындар төсек-орынмен қамтамасыз етілген.
Жалпы тұрмыстық жағдайлар: барлық қабаттарда тоңазытқышпен, электр плиталарымен, үстелдермен, раковиналармен, асүйлер және сақтайтын қоймамен жабдықталған; Әр бөлімде дәретхана мен жуынатын бөлме бар. Жатақхананың 1-қабатында медициналық пункт, медициналық оқшаулау бөлімі, автоматты кір жуғыш машиналармен, кір жуатын бөлмемен жабдықталған, душ бөлмесі бар.
Демалыс орны: демалыс бөлмесінде өз бетінше жұмыс істеуге арналған компьютерлер, теледидар, мәдени шараларды өткізуге арналған музыкалық орталық бар. Бос уақытты ұйымдастыру үшін спорттық жабдықтар: ракеткалар, теннис үстелі, шахмат, дойбы. тоғызқұмалақ бар.
Қауіпсіздік: жатақхана ғимараттың периметрі бойынша орналасқан 31 бейнекамерадан тұратын бейнебақылау жүйесімен жабдықталған (подъезде, фойеде, дәліздерде, асүйлерде); автоматты өрт дабылы жүйесі, дүрбелең түймесі. Жатақханаға кіру қатаң бақылау режимін сақтайды.
Жатақханаға орналастыру шарттары: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады, оған сәйкес жатақханаға орналастыру жүзеге асырылады.
Жатақханада тұратын студенттерге берілетін жеңілдіктер: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер санатындағы студенттерге тегін тұру, сабақтан кейін тегін секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді.
Жатақханада тұру үшін қажетті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуді растау (egov, ауылдық әкімдік);
- Жәрдемақыны растайтын құжаттың көшірмесі:
- жетім балалар мен мүгедек балалар: ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік / ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімі;
- мүгедек балалар: мүгедектігін растайтын анықтама;
- көп балалы отбасы балалары: отбасында 4 және одан да көп бала бар екендігі туралы анықтама;
- аз қамтылған отбасы балалары: атаулы әлеуметтік көмекті растайтын анықтама