Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
Виртуалды экскурсия / Техникалық бағыттағы жұмысшы мамандықтары

Техникалық бағыттағы жұмысшы мамандықтары

Мамандығы: 07161300 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет қөрсету, жөндеу және пайдалану»

Біліктілігі:

3W07161302 – «Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик»;

3W07161303 — «Автомобиль транспортын жөндеу жөніндегі шебер»;

4S07161304 – «Техник-механик».

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай.

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізетін, диагностикалық жабдықтар мен құрылғыларды пайдалана отырып, көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылайтын, автокөліктерді басқаратын генерал маман.

Бұл мамандық кең профильге ие, сондықтан мамандық танымал және үлкен сұранысқа ие. Көлік құралдарына білікті техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыру үшін маман оның құрылымын ғана емес, сонымен қатар көлік құралдарын пайдалану кезінде пайда болатын техникалық процестерді түсінуі керек.

Студенттер өндірістік оқытудан келесі кәсіпорындарда өтеді: СTO ДЖИП ЖШС; «ВиВаГа-Лада» ЖШС; «TRUCK SERVICE KAZAKHSTAN» ЖШС; «Автомаркет» ЖШС; «СК-Тора» ЖШС; «АСТЕК-АВТО» ЖШС; «Покрышкино» шина сервисі және басқа да Солтүстік Қазақстан облысының көптеген жетекші кәсіпорындары.

Түлектердің қызмет саласы – автосервис, техникалық қызмет көрсету, автокөліктерді жөндеу,басқару және ұйымдастыру.

Мамандық таңдау әр жасөспірімнің өмірдегі ең қиын әрі жауапты қадамы.

          Автомеханик — ең беделді және өзекті мамандықтардың бірі.

Scroll to Top