Электрмен жабдықтау
Мамандығы:07130200 – «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 3W07130201 – «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)»;
4S07130202 – «Электр техник».
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай.
«Электрмен жабдықтау» мамандығы «Техник-электрик» біліктілігі талапкерлерге электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті білім мен дағдылар кешенін меңгеру мүмкіндігін береді. Оқыту электротехниканың, электроэнергетиканың теориялық негіздерін зерделеуді, сонымен қатар электр жабдықтарын монтаждау, реттеу және пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтарды қамтиды.
Оқыту барысында студенттер электр машиналарының, трансформаторлардың, тарату құрылғыларының, электр беру желілерінің, релелік қорғаныс жүйелері мен автоматиканың жұмыс істеу принциптерін оқиды. Энергияны үнемдеуге және электр энергиясын пайдалану тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер өндірістік тәжірибені келесі кәсіпорындарда өтеді: «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «СКРЭК» АҚ, «Сұлтан-ЭММК» АҚ, «ACK-Sunrise»ЖШС, «Северэлектро» ЖШС.
Бұл мамандықтың түлектері энергетика саласындағы кәсіпорындарда, құрылыс және өнеркәсіптік ұйымдарда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, сондай-ақ электр жабдықтарына қызмет көрсету саласында сұранысқа ие. Электр энергетикасы саласындағы білікті мамандарға сұраныс тұрақты өсуде. Электр маманы электрик, учаскелік шебер немесе электр жабдықтарын пайдалану инженері лауазымдарын атқара алады.