Жаңалықтар / Колледждер жәрмеңкесі: болашақ мамандыққа қадам
Колледждер жәрмеңкесі: болашақ мамандыққа қадам
2026 жылғы 12 наурызда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектепте 9 және 11 сынып түлектері үшін ұйымдастырылған колледждер жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара барысында колледж өкілдері мектеп оқушыларына дайындық бағыттары, оқуға түсу шарттары, студенттік өмір және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып берді.Болашақ талапкерлер ақпараттық материалдар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледжде білім алудың артықшылықтарымен танысты.
Жәрмеңке мектеп оқушыларының кәсіби бағдар алуына пайдалы алаң болып, олардың болашақ мамандықтарын таңдауға дұрыс бағыт алуына көмектеседі.