Жаңалықтар / Жастардың құқықтық сауаттылығы және қауіпсіздігі
Жастардың құқықтық сауаттылығы және қауіпсіздігі
2026 жылғы 26 наурызда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында студенттердің құқық қорғау органдары мен бейінді қызмет өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шараны «Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.
Кездесу барысында құқықтық сауаттылық, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және денсаулықты сақтау мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын мамандарға қойып, толыққанды жауаптар алды.
Іс-шара жастардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға және заң талаптарын сақтауға бағытталды. Шара «МТРК» және «Есіл» өңірлік телеарналарында көрсетілді.