Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.

Басты бет / Колледж Туралы

Колледж Туралы

Колледж тарихы

КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Еңбек резервтері Бас басқармасының 1957 жылғы 16 қаңтардағы №20 бұйрығы негізінде Петропавл Ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінің № 36 базасында өндірістік оқыту шеберлерін даярлау үшін Петропавл индустриялық техникумы ұйымдастырылды. 1967 жылы Петропавл индустриалды-педагогикалық техникумы болып аталды. 1995 жылы Петропавл индустриалды-педагогикалық колледжі болып аталды.  1997 жылы Петропавл ауыл шаруашылығы техникумымен біріктірілгеннен кейін аграрлық-техникалық колледж болып өзгертілді. 2000 жылы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі болып аталды. 2023 жылдан бастап оқу орны Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі деп аталады.

Алғашқы бітіруі 1960 жылы өтті, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 58 түлегі диплом алды. Қазақстанда осындай бейіндегі алғашқы техникумның ашылуы СПТУ үшін шеберлерді даярлау мәселелерін шешті (сол жылдары олар АШМУ — Ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі деп аталды).

Колледждің көп жылдық тарихында еліміздің халық шаруашылығы үшін 15 мыңнан астам маман даярланды. 1983 жылдан 1993 жылға дейін шетел азаматтарынан 160 маман даярланды. Вьетнамға-60 маман, Лаосқа-23 маман, Кампучияға-15 маман, Ауғанстан Демократиялық Республикасына-46 маман, Моңғолияға-15 маман дайындалды.

Колледждің көптеген түлектері жоғары жетістіктерге жетті. Бұл Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Сергей Мелехов, «Б. Әшімов атындағы  Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК директоры Анатолий Фурманюк, «Дайындық-Агро» ЖШС директоры Біржан Шаймерденов, Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің оқытушысы, т. ғ. к., профессор Серік Тойғамбаев, ҚР спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің аға жаттықтырушысы Антон Жданович, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорттық бағдарлау бойынша 7-ші Қысқы Азия ойындарының алтын медаль иегері Аслан Тоқбаев және т. б.

Бүгінгі таңда колледж 11 мамандық және 14 біліктілік бойынша оқыту жүргізілетін заманауи оқу-өндірістік, әлеуметтік-педагогикалық және эксперименттік кешен болып табылады. 2024-2025 оқу жылының 1 қыркүйегіне колледжге қабылданған студенттердің жалпы саны 1066-ны құраса, оның 1013-і мемлекеттік тапсырыс бойынша, 53-і ақылы негізде білім алуда. 2015 жылдан бастап колледжде «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)», «Электр және электромеханикалық жабдық» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізілді.

«Серпін-2050» бағдарламасы 2015 жылдан бастап «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және Электрмен жабдықтау (салалар бойынша), «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтары бойынша жүзеге асырылуда.

2020 жылы колледж «Жас маман» республикалық жобасының қатысушысы атанды.

2021 жылы оқу орнында кредиттік-модульдік оқыту жүйесі енгізілді.

2022 жылдан бастап колледжде «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Жарқын Болашақ»бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Оқыту тілі: мемлекеттік және орыс. Мемлекеттік тілде оқыту «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Дене шынықтыру және спорт»мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Scroll to Top