Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
Жаңалықтар / Агроөнеркәсіп кешенінің болашақ мамандары үшін білім беру ортасы: теориядан тәжірибеге

Агроөнеркәсіп кешенінің болашақ мамандары үшін білім беру ортасы: теориядан тәжірибеге

2026 жылғы 10 маусымда Жоғары  Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Агроөнеркәсіп кешенінің болашақ мамандары үшін білім беру ортасы: теориядан тәжірибеге» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға «CT Assembly» ЖШС басшылығы мен мамандары қатысты.

Колледж және  «CT Assembly» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында студенттер дуалды оқыту бағдарламасына қатысу үшін іріктеуден өтуде. Алғашқы топ кәсіпорында тәжірибеден өтуді 2024 жылы бастаған болса, бүгінде мұндай мүмкіндік бірінші курс студенттеріне де беріліп отыр. Олар өндірістегі оқуды 2026 жылы бастайды.

Бағдарлама теориялық дайындық пен практикалық тәжірибені ұштастырып, студенттердің заманауи агроөнеркәсіп кешенінің талаптарына табысты бейімделуіне мүмкіндік береді. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады. Бағдарлама бойынша алғашқы түлектерді шығару 2027 жылдың маусым айына жоспарланған.

Scroll to Top