Алтын, күміс және қола — біздікі! Облыстық жарыстағы ЖСҚКПК –нің салтанатты жеңісі
2026 жылғы 26–27 ақпан күндері «Сұңқар» облыстық спартакиадасы аясында ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындары арасында Қысқы Президенттік көпсайыстан жарыстар өтті. Жарыс бағдарламасына күштік гимнастика, пневматикалық мылтықпен ату және шаңғы жарысы кірді.
Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің құрама командасына тең келер қарсылас болмады. Біздің студенттер жеке біріншілікте барлық жүлделі орындарды иеленіп, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды.
Қыздар арасында спартакиаданың чемпионы атанған – Саенко Елена (ДТ-2-23 тобы), ІІ орынды Горан Виктория (ДТ-22 тобы), ІІІ орынды Кованова Ульяна (ДТ-25 тобы) иеленді.Ұлдар арасында да тұғырдың барлық сатысын біздің көпсайысшылар бағындырды: «Алтын» — Ведерников Артем (ДТ-11-25 тобы),«Күміс» — Власенко Станислав (ДТ-22 тобы),«Қола»– Кунцов Альберт (ДТ-11-25 тобы).
Команданы және олардың жаттықтырушылары Ветошкин Денис Александрович пен Саурмилих Дмитрий Александровичті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!