Жаңалықтар / Бағалау мен диалог: СҚО-дағы WorldSkills 2026 алаңына «Талап» КЕАҚ өкілінің сапары қалай өтті
Бағалау мен диалог: СҚО-дағы WorldSkills 2026 алаңына «Талап» КЕАҚ өкілінің сапары қалай өтті
2026 жылғы 16 сәуірде Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік -педагогикалық колледжі базасында өтіп жатқан XI өңірлік «WorldSkills 2026» чемпионаты аясында алаңға «Талап» КЕАҚ өкілі, WorldSkills қозғалысын дамыту бөлімінің менеджері Жұматаев Арнұр келді.
Сапар барысында ол колледждің материалдық-техникалық базасымен және жарыс алаңдарымен танысып, ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Әсіресе «Электромонтаж жұмыстары» және «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттіліктеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, маман студенттермен және сарапшылармен әңгімелесіп, қатысушыларды даярлау деңгейі мен өңірде кәсіби дағдыларды дамыту мәселелерін талқылады.