Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
Жаңалықтар / Бегалин турнирінің қорытындысы

Бегалин турнирінің қорытындысы

2026 жылғы 12–13 ақпанда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж директоры С.К. Бегалинді еске алуға арналған XVIII Халықаралық футзал турнирі өтті. Турнирдің мақсаты – С.К. Бегалиннің рухына тағзым ету, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайту, жастар арасында футболды насихаттау.

Турнирге Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының колледждерінен 8 құрама команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына Сүйіндік Қазиканұлының туыстары, достары және әріптестері қатысты. Жеребе қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді. Жарыстың бірінші күні финалға шығу үшін іріктеу ойындары өткізілсе, екінші күні Чемпиондар кубогы үшін шешуші ойындар өтті.

Нәтижесінде І орын мен Чемпиондар кубогын турнир иелері –ЖСҚКПК студенттері жеңіп алды. ІІ орынды Ресей Федерациясынан Зауралье дене шынықтыру және денсаулық колледжінің командасы иеленді. ІІІ орын Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледж командасына бұйырды. Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Турнир ұйымдастырушылары арнайы номинациялар бойынша да жүлделер тағайындады:
«Үздік қақпашы» – Кунгуров Ярослав (Щучинск қ., Жоғары педагогикалық колледжі)
«Үздік шабуылшы» – Жетпіспай Сүлеймен (ЖСҚКПК)
«Үздік қорғаушы» – Окулов Константин (Зауралье дене шынықтыру және денсаулық колледжі)
«Үздік жаттықтырушы» – Ветошкин Денис Александрович (ЖСҚКПК).

Scroll to Top