Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
Жаңалықтар / Келісім аумағы: бейбітшілік пен бірлік туралы диалог

Келісім аумағы: бейбітшілік пен бірлік туралы диалог

Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің Бейбітшілік пен келісім орталығында  «Заң мен  тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Келісім аумағы» атты семинар өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, «Қоғамдық келісім» КММ және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Семинарға колледж студенттері, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық даму және ақпарат орталығының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық өзара әрекеттесуді, жастардың құқықтық мәдениеті және заң мен қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Спикерлер қоғамдағы бейбітшілік, бірлік пен өзара түсіністікті сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрақтылық пен азаматтық жауапкершілікті нығайтудағы жастардың рөлін ерекше атап өтті.

Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға пікір алмасуға, көкейдегі сұрақтарын қоюға және қоғамдағы келісім мен құқықтық тәртіп мәдениетін дамытуға бағытталған өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік берді.

Scroll to Top