Командалық рух және жеңіс: ЖСҚКПК— жасөспірімдер арасында волейболдан «Сұңқар» спартакиадасының чемпионы
2026 жылғы 2–3 сәуір күндері «Сұңқар» облыстық спартакиадасы аясында ТжКБ оқу орындарының қыздары арасында волейболдан жарыстар жоғары деңгейде, нағыз спорттық мереке атмосферасында өтті!
Қатысушылар өздерінің тамаша дайындықтарын, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Әр ойын эмоцияға, тартысқа және әдемі сәттерге толы болды!
Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы финалда Жоғары құрылыс-экономикалық колледж студенттерін сенімді түрде жеңіп, чемпион атағын иеленді. Ал 3-орынды Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің командасы еншіледі.
ЖСҚКПК командасын және олардың жаттықтырушысы Мағавин Алпамыс Сағитұлын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, тек алға ұмтыла берулеріңізге тілектеспіз!