Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
Жаңалықтар / Мамандық таңдау мектептен басталады: колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысы

Мамандық таңдау мектептен басталады: колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысы

Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің  оқытушылары 9–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектепке барды.

Кездесу барысында педагогтер түлектерге колледждегі мамандықтар, оқуға түсу шарттары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарға және тәжірибеге бағытталған білім алудың артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасы, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы және өндірістік практикадан өту ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алды.

Болашақ талапкерлер белсенділік танытып, оқу мерзімі, гранттар және студенттік өмір туралы сұрақтар қойды. Өткізілген кездесу оқушылардың болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауына және сапалы техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етті.

Scroll to Top