Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
Жаңалықтар / Оқудан мамандыққа: колледжде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» өтті

Оқудан мамандыққа: колледжде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» өтті

2026 жылғы 21 мамырда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» өтті. Бұл колледж түлектері мен Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілерін кәсіби мүмкіндіктер мен болашақ перспективалар алаңында бір арнаға тоғыстырған маңызды шара.

Іс-шараға колледждің 315 түлегі және жас мамандарды жұмысқа тартуға мүдделі өңірдің 12 кәсіпорны, мекеме мен ұйым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жұмыс берушілер түлектердің кәсіби құзыреттерімен  танысып, еңбек жағдайлары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Көптеген студенттер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, табысты жұмысқа орналасу  үшін  қажетті пайдалы ұсыныстар  алды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында психологиялық-педагогикалық қызмет мамандарының консультациялық алаңы жұмыс істеді. Онда түлектер жұмыс орнына бейімделу, сұхбаттасу кезінде өз-өзін сенімді ұстау, кәсіби бағдарлану және табысты мансап жолын қалыптастыру мәселелері бойынша кәсіби кеңестер алды.

Аталған іс-шараны өткізу колледж бен өңір жұмыс берушілері арасындағы әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, жастарды жұмыспен қамтуға және түлектердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсетудегі маңызды қадам болды.

Scroll to Top