Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.
Жаңалықтар / Облыстық «Сұлу бол» байқауы

Облыстық «Сұлу бол» байқауы

2026 жылғы 5 наурызда «Е.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ базасында ТжКБ студенттері арасында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сұлу бол» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шараны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұйымдастырды.


Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау, ұлттық мәдениетті насихаттау, сондай-ақ шаштараз өнері, визаж және стилистика салаларында тәжірибе алмасу мен іскерлік байланыстар орнатуға ықпал ету.


Қатысушылардың байқау жұмыстары шараны идеялар мен шабытқа толы жарқын фестивальге айналдырып, жас мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Іс-шара модельдер көрсетілімімен және жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.
Байқау қорытындысы бойынша Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі «Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)» мамандығының 2-курс студенті Александра Павлова «Этно-стильдің заманауи интерпретациясы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Жұмыс арнайы пәндер оқытушысы Г. К. Мусинаның жетекшілігімен дайындалып, I дәрежелі дипломмен бағаланды. Студент Диана Магаева модель ретінде шығармашылық жұмыстың ажырамас бөлігі болып, оның образы колледжіміздің жеңісіне үлкен үлес қосты.


Студенттеріміз бен оқытушымызды сенімді жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!

Scroll to Top