Отбасы мен колледж: қауіпсіздік және табысты оқу үшін бірге
2026 жылғы 19–20 мамыр күндері Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Отбасы мен колледж: қауіпсіздік, жауапкершілік, табысты оқу» атты бірыңғай ата-аналар жиналысы онлайн форматта өтті. Кездесуге студенттердің 481 ата-анасы қатысты.
Жиналыс барысында студенттердің қауіпсіздігі мен табысты оқуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Ата-аналарға үй жағдайында дәрі-дәрмектерді қауіпсіз сақтау және жасөспірімдердің дәрілік препараттарға қол жеткізуін шектеу қажеттілігі еске салынды.Ерекше назар құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және білім алушылардың жауапкершілігін арттыруға аударылды. Сондай-ақ студенттердің жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі, көшеде, қоғамдық орындарда және интернет желісінде тәртіп ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, кураторлар ата-аналарды оқу үдерісін ұйымдастырумен және студенттердің жазғы емтихан сессиясына дайындалуымен таныстырып, қорытынды аттестация кезеңінде білім алушыларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Ата-аналар жиналысын өткізу отбасы мен колледж арасындағы тәрбие, қауіпсіздік және сапалы білім беру мәселелеріндегі өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.