Дене шынықтыру және спорт
Мамандығы: 01140500 Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: 4S01140501 Дене шынықтыру мұғалімі
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай 11 сынып негізінде
Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс
01140500 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша
4S01140501 «Дене шынықтыру мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттерді даярлау 1998 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүргізіледі.
Білім беру бағдарламасының мақсаты кең іргелі білімі бар, бастамашыл, білім беру саласындағы өзгермелі талаптарға бейімделетін, командада жұмыс істей алатын және болашақ кәсіби қызмет саласында қажетті құзыреттіліктерге ие заманауи маман даярлау.
Білім беру үдерісін іске асыру үшін колледжде заманауи жабдықтармен және инвентарлармен жабдықталған тамаша материалдық-техникалық база бар. Студенттер бос уақытында әртүрлі спорт түрлері бойынша спорт секцияларына қатысады. Сабақтарды білікті оқытушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлектері білім беру және спорт, дене шынықтыру және спорт қозғалысын басқару, дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жұмыстарда сұранысқа ие.