Жол қозғалысын ұйымдастыру
Мамандығы: 10410400 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру»
Біліктілігі: 3W10410401 – «Жол инспекторы»
«Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік саласындағы білікті мамандарды даярлауға арналған және оның нысандары:
- жүргізушілерді даярлау, жол қозғалысын ұйымдастыру, жол инспекциясы, ЖКО азайту әдістері; қауіпсіздік тұрғысынан көлік құралының КО конструкциясын талдау және бағалау саласындағы білім;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың негізгі ережелерін білу;
- әртүрлі жол, көлік және метеорологиялық жағдайларда қозғалысты жақсарту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды әзірлеуді білу;
- жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін талдау, қозғалысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау және қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарын ұтымды пайдалану дағдылары.
Білім беру бағдарламасының түлектері Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде, автокөлік және жол-пайдалану кәсіпорындарында, оқу орындарында, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, автомобиль техникалық сараптамасымен және көлік құралдарын сертификаттаумен айналысатын мекемелердің қозғалыс қауіпсіздігі қызметтерінде жұмыс істейді.
Кәсіби қызмет саласы:
- жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлар кезінде саптық бөлімшелер құрамындағы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;
- жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайларды болжау және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- жол-көлік оқиғасы кезінде тіршілікті қамтамасыз ету;
- көлік процесінің қауіпсіздігін басқару үшін геоақпараттық жүйелерді пайдалану.
Кәсіби қызмет объектілері- көлік кәсіпорындары мен бөлімшелері, облыстық көлікті басқару органдары және мемлекеттік көлік инспекциясы, сараптамалық жүйелер мен бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылады.
Кәсіби қызмет саласы:
- жол-көлік оқиғаларын және олардың жағымсыз салдарын азайту бойынша шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
- жол қозғалысы, автомобиль көлігі және «жүргізуші-автомобиль-жол-қоршаған орта жүйесі» ;
- жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
- әртүрлі жол, көлік және метеорологиялық жағдайларды жақсарту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жоспарлау және жүзеге асыру.