Жаңалықтар / Жеңіс кубогы ЖСҚКПК-де!
Жеңіс кубогы ЖСҚКПК-де!
25 ақпанда «Жалел Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында колледж студенттері мен оқытушылары арасында Едірісов Қайырлыны еске алуға арналған облыстық волейбол турнирі өтті.
Аталған жарысқа Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің құрама командасы және өңірдің тағы 7 командасы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша біздің спортшылар тамаша командалық жұмыс, тактикалық тапқырлық және жоғары жеке шеберлік көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жеңіс кубогымен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
ЖСҚКПК командасын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!